RSS | Язык: 

Саркандский район расположен в центральной части Алматинской области.

Административным центром района является город Сарканд, который расположен по трассе Алматы–Усть-Каменогорск на 416 километре (от г.Алматы).

Главная Аким района
Сарқан ауданының әкімі Е.Қошанбековтың 2018 жылы халық есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының тезисі PDF Печать

Өткен жыл ауданымыз үшін жаңа жетістіктер мен әлеуметтік жаңару жолында алға қарай қадам жасаған жыл болды. Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда бірқатар оң өзгерістерге қол жеткіздік. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аудан экономикасы тұрақты дамып, аудан бюджетінің кірістер бөлігі көбейді.


2017 жылдың 1 желтоқсанына ауданда 2 млрд. 922 млн. 100 мың теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе артты (2016ж – 1201,7 млн.теңге). Нақты көлем индексінің көрсеткіші 107,9 пайызды құрады.


2017 жыл қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 28 млрд. 481 млн. 700 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млн. 413 мың теңгеге артты (2016ж.- 27068,4 млн.теңге).


Өсімдік шаруашылығы бойынша өнім көлемі 18 млрд. 139 млн. 900 мың теңгені құрады. Ағымдағы жылы 94867 гектар жерге егін себіліп, бүгінгі күнге дәнді дақылдардан 49152 гектар орылып 115625 тонна астық жиналып, орташа өнімділігі гектарына 23,6 центнерден, майлы дақылдардың 35756 гектары жиналып 66813 тонна алынды, орташа өнімділігі гектарына 18,7 центнер, қант қызылшасының 1600 гектары жиналып, 56817 тонна алынды, қант зауытына 40909 тонна өткізілді, орташа өнімділігі 355,1 ц/га болды.


Есепті кезеңге 10776 тонна тірі салмақтағы мал мен құс еті, 27610 тонна сүт, 8 млн.818 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілді.


Мал мен құстың санында да өзгеріс бар, атап айтсақ: ірі қара мал саны 42090 басқа жетті немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 115,8 пайыз (2016ж – 36357 бас), қой-ешкінің саны 117370 басқа жетті немесе былтырғы жылға 107,6 пайыз (2016ж – 109032 бас), жылқылар саны 15120 басқа жетті немесе өсім 108,2 пайыз (2016ж - 13976 мың бас) құрады, ал шошқалар саны 2883 бас немесе былтырғы жылға 107,9 пайыз, (2016ж - 2672 бас) құрады, түйелер саны 359 басқа жетті немесе 117,7 пайыз (2016ж - 305 бас) және құстар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 78,4%-ға төмендеп 127156 басты құрады. (2016ж - 162159 бас)


«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қарабөгет, Көктерек, Қарашыған ауылындағы мал қорымдарын жайғастыру жұмыстары өтті (14,6 млн. теңге бөлініп).


«Сыбаға» бағдарламасы бойынша орындалу жоспары 108% немесе 270 басқа (жоспар-250 бас), «Алтын асық» жоспары 159,2% немесе 796 басқа (жоспар-500 бас), ал «Құлан» бағдарламасы бойынша жұмыс қарқыны баяу орындалуда жоспары 100% немесе 50 басқа (жоспар-50 бас) орындалды.


Ауданның ауыл шаруашылық техникалық паркін жаңарту мақсатында жыл басынан 798 млн.686 мың теңгеге 70 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, оның ішінде 46 данасы «КазАгроҚаржы» АҚ-ы және 4 данасы басқа лизингілік компаниялар арқылы, 20 дана өздерінің немесе инвесторлардың қаражаттарына алынды.


Шағын кәсіпкерліктегі 2632 субъекті жұмыс істейді (2016ж-2409). Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің көлемі 2 млрд. 420 млн. 800 мың теңге (2016ж.-1212,5,0 млн.теңге), жұмыс істейтіндер саны – 9 230 адам, шағын кәсіпкерліктен бюджетке түсетін салықтық аударымдар былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе немесе 277 млн. 822 мың теңгені құрады (2016ж.- 134,6 млн.теңге).

Жергілікті бюджетке шағын кәсіпкерліктен түскен салықтың үлесі 27,9% құрады (2016ж- 14,1%).

11 айда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 939 млн. 700 мың теңгені құрады, 2016 жылға 102,0% орындалды (2016ж. – 3860,9 млн.теңге).


4389 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 100,9 %-ды құрады (2016ж.- 4352 ш.м).


Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 11 айда 3 млрд. 913 млн. 800 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 103,9 пайыз (2016ж.– 3765,9 млн.теңге). Нақты индекс көлемі – 97,1%. Соның ішінде жергілікті бюджеттен – 786,4 млн. теңге (2016ж-773,4 млн.теңге), жеке қаржы есебінен –2 млрд 985 млн. 200 мың теңге тартылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,4% орындалды (2016ж – 2678,6 млн.теңге).


Көлік. 2017 жылдың қантар-қараша айларында тасымалданған жолаушылар саны 4201 мың.адам, коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлер мен көліктік емес ұйымдар бағасын есепке алғандағы өсім – 102,0%.


Жолдар. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 2017 жылға 132 млн. 500 мың теңге игерілді (облыстық маңызы бар жолдарға – 350,6 млн. теңге, аудандық маңызы бар жолдарға – 132,5 млн. теңге). Сарқан ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау және диагностикасын жүргізуге 11,3 млн. теңгесіне келісім шарт жасалып, жұмыстары аяқталды. (Алмалы, Қарабөгет, Қойлық, Лепсі, Пограничник ауылдары және Сарқан қаласы қамтылды)


Сумен қамту. Бүгінгі күні Сарқан ауданында орналасқан 36 елді мекеннің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылғаны 22 (61,1%), қамтылмаған – 8 (22,2%) және әкелімді - 6 (16,7%) елді мекен.


«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша 392 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:


Бірлік, Тасқұдық, Қараултөбе ауылдары ауыз су жүйелерін құрылысы және жаңғырту нысаны бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру барысында құрылыс – монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыл тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне толығымен қосылды.


«Алматы облысы Сарқан ауданы Тополевка ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары» нысаны бойынша 86,102 млн.теңге теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыс 2018 жылдың 30 шілдесінде аяқталуы тиіс.


Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджетке 1 млрд. 129 млн. 600 мың теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе былтырғы жылға 104,7 пайыз орындалды (1078,6 млн.тенге). Оның ішінде жергілікті бюджетке түскені 995 млн. теңге немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 104,0 пайыз орындалды (956,3 млн.тенге). Республикалық бюджетке түскені 134 млн. 600 мың теңге немесе өсу қарқыны 110,1 пайызға орындалды (122,3 млн.тенге).


Бюджеттің кірісі 2017 жылдың 11 айында 5 млрд. 381 млн. 800 мың теңгені құрады немесе болжамға 99,7% (болжам 5396,2 млн.теңге), оның ішінде өз кірісіміз 406 млн. 500 мың теңгеге жеткізілді, болжам 121,4 пайызға орындалды (болжам 334,9 млн.теңге).


Бюджеттің шығыны 11 айда 5 млрд. 228 млн. 400 мың теңгені құрап, бюджеттің орындалуы 105,3% (жоспар – 5281,8 млн. теңге).


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелу үшін 1734 адам өтінді, оның 1394-і жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, олар келесідей:


Бағдарламаның бірінші бағыты:


Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 58 адамға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 300 адамға жолдамалар берілді.


Екінші бағыты бойынша бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 42 адамға 102 млн. 500 мың теңге шағын несие алуға қорытынды берілді.


Үшінші бағытына сәйкес бос жұмыс орындарына 557 адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 40 адамға жолдама беру жоспарланса, 47 адамға жолдама берілді. Жастар практикасына 60 адамға жолдама беру жоспарланса, 71 адамға жолдама берілді. Қоғамдық жұмысқа 550 адамға жолдама беру жоспарланса, 483 адамға жолдамалар берілді


Бос жұмыс орындарына 667 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған, 675 азамат орналастырылды.


2017 жылдың 11 айында бір жұмысшыға шаққанда орташа айлық еңбекақы 83623 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 22852 теңгені құрады.


Мәдениет. Бүгінгі күні, ауданда 22 мәдениет нысаны қызмет етеді, оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын 7 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб, 11 кітапхана және 2 мемориалдық мұражайлар бар.


Ауданның мәдениет үйлерінің жанында 44 үйірме жұмыс істеп, оған 447 адам қатысуда. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үйірмелер саны 6 –ға артып, қатысушылар саны 67 адамға өсті.


Үйірмелердің қатарында, 15 адамнан тұратын халықтық атағы бар фольклорлық-этнографиялық ансамбль, Сарқан қаласының, Лепсі, Екіаша, Шатырбай ауылдарының әжелер ансамблі бар.


Биылғы жылға Сарқан қаласындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 264 млн. 129 мың теңге, Бақалы ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізу үшін 177 млн. 756 мың теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өтті.


Спорт және дене шынықтыру. Сарқан ауданында 27 шағын және орта футбол аландары, 31 спорт залы бар.


Аудан бойынша 596 спорттық секцияларына, ұлттық спорт түрлерімен 787 адам шұғылданады.


«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Алмалы ауылының стадионын жөндеуден өтті.


Білім саласына.


Аудан бойынша 30 мектепте 7447 оқушы білім алуда, 1067 мұғалім еңбек етеді.


Аудан мектептерінде барлығы 1417 компьютер бар. 1 компьютерге 6,2 оқушыдан айналады. Интернет желісіне 100 пайыз қосылған.


Аудан бойынша балабақша саны 8, оның 2 жекеменшік мемлекеттік балабақша және 20 шағын орталық жұмыс істейді, онда 1675 бала тәрбиеленуде. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі қамту деңгейі 97,4% құрайды.


Денсаулық сақтау саласында


Аудандық аурухана 33 елді мекендерге қызмет көрсетеді. Аудан бойынша барлық емдеу мекемелерінде 74 дәрігер және 371 орта буын медицина қызметкері бар.


Әлеуметтік маңызды ауруларға тоқсталсақ 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туберкулезге шалдығушылық 3 жағдайда өсті (2016ж.- 23 адам, 2017ж.- 26 адам), бруцеллез ауруына шалдығушылық 2 жағдайға (2016ж.-7, 2017ж.-5), өткір Ішекті Жуқпалы ауырулар тобы 13 жағдайға азайды (2016ж -15, 2017ж -2 ) вирустық гипатитқа шалдығушылық тіркелген жоқ (2016ж-0, 2017ж-0).


Қылмыстылық. Статистика мәліметтері бойынша 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 352 қылмыс тіркелді, оның ішінде 3 ауыр, өте ауыр 7. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстылық көрсеткіші 89,1 пайызға төмендеді (2016ж.- 395).


Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп нық сенемін!

 
Постановение районного акимата об утверждении государственного оброзовательного заказа на дошколне воспитание и обучение, размера подушевого финанасирование и родительской платы по Саркандскому району PDF Печать


 
Аудан әкімі Е.Қошанбековтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы»... PDF Печать

Аудан әкімі Е.Қошанбековтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы ауданның атқарушы органдарының жұмысы туралы» актив жиынындағы  баяндамасы

Құрметті актив жиынына қатысушылар!

Құрметті әріптестер!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын қазақстандықтар үлкен ықыласпен қабылдап, үн қосуда. Жолдау дүниежүзілік дағдарыс жағдайында ұсынылып отыр. Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихы құжат.

Мемлекет басшысы «Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын» - деп атап айтты.

Жаңа экономикалық саясаттың өзегі - жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары. Олар – көліктік - логистикалық, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту және орта бизнеске қолдау көрсету. Сонымен қатар, қоғам үшін өзекті болып отырған тұрғын үй мәселесі де басты назарда болады.

Подробнее...
 
Аудан әкімі Т.Чарапиевтың «Сочи-2014» қысқы олимпиядаға арналған және «Спорт-есірткіге қарсы» тақырыбындағы өткізілетін «Денсаулық күнінде» сөйлейтін сөзі, 22.02.2014 PDF Печать

Құрметті сарқандықтар!

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты байлығы – оның азаматтарының сау-саламат тіршілік етуі.

Елбасымыз да бұл мәселені жыл сайынғы Қазақстан халқына  арналған Жолдауында саралап,  таратып айтып келеді.

Ден­сау­лық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ши­рату, шынықтыру, са­на­ның сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп те­гін айтылмаған. Темекі тар­ту, ішімдік пайдалану, есірт­кіге және улы зат­тарға құмарлық, адамгершілікке жат мінез – құлық.

Еге­мен елі­міздің бо­ла­ша­ғы — жастар. Қо­ғамда болып жатқан жаман әдеттерден бойы­мызды ау­лақ ұстап, төзім­ділік, табан­дылық та­ны­тып, адам­гер­шілік қа­сиет­терді жо­ға­ры ұс­­тай білуіміз керек.

Бола­шағымыз, еліміз­дің ерте­ңі нұрлы болсын де­сек, ел болып, халық бо­лып, бола­ша­ғымызды, ұлты­мызды, те­гімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішім­дік, темекіден бойы­мыз­ды аулақ ұстап, қоға­мы­мызды бұл түнектен ары­л­тудың жолын іздеп, са­­­лауатты өмір салтын на­сихаттайық.

Халықтың ден­саулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, бо­ла­шағымыздың кепілі.

Хал­қымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрқайсымыздың жа­дымыздан шықпайтын биік ұстанымыз болуы тиіс. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек.

Сол себепті де міне, бүгін, жыл сайынғы әдетіміз бойынша «Денсаулық күнін» өткізіп отырмыз.

Осы іс-шараға бәріңіз белсене атсалысып, жоғарғы дәрежеде өтуіне өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сеніміміз мол.

Бәріңізге зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

 
Аудан әкімі Т.Чарапиевтың 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтауы Н.Островский ат.мектеп лицейі, 07.05.2014 ж. PDF Печать

Құрметті сарқандықтар!

Қадірменді ауған соғысының  ардагерлері!

Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Отан қорғау-қасиетті ұғым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз армиясы құрылды.

Бүгінгі таңда, Отан қорғаушылар күні өз Отанын қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.

Бұл мереке - мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн.

Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының алдындағы негізгі міндет осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өзіндік үлесін қосу.

Дорогие ветераны Афганской войны!

В этом году на постсоветском пространстве отмечается 25-я годовщина вывода Советских войск из Афганистана. Афганская война продлилась 9 лет 11 месяцев и 19 дней. 22 тысячи казахстанцев участвовали в войне, 924 погибло, более 1000 стало инвалидами и 21 солдат все еще считаются пропавшими без вести, с нашего района были призваны 66 солдат, 12 из которых не вернулись.

Верные воинской присяге, они мужественно и героически сражались на афганской войне, проявив свои лучшие качества: преданность, патриотизм и верность Отечеству, отвагу, высокую гражданственность и сознательность.

Афганская война никогда не будет вычеркнута из памяти отцов и матерей, потерявших своих сыновей, простых солдат, испытавших все муки и страдания в той войне. Сколько бы времени ни прошло, память о подвигах доблестных воинов, всегда будет жить в сердцах Саркандцев.

Как сказал Глава Нашего Государства Н.А.Назарбаев - повышая наше экономическое благосостояние, мы не должны забывать о людях, которые в разное время при разных обстоятельствах пожертвовали своей жизнью и здоровьем, когда это было нужно для родной им страны, мы не должны забывать об их семьях и близких.

Это ветераны Великой Отечественной Войны, участники  по ликвидации последствий Чернобыльской аварии, воины-интернационалисты Афганской войны.

Сегодня, мы собрались в этой торжественной обстановке, чтобы установить памятные доски 4 погибшим воинам-интернационалистам, выпускникам школы – лицея им Николая Островского. Такие же 6 памятных досок будут установлены в средних школах сел Лепсы, Бакалы, Койлык, а также в школе – гимназии №1.

Мы всегда будем помнить, как пример истинной любви старших поколений к Отчизне, воспитания молодежи в духе беззаветного мужества и патриотизма. Я уверен, что Вы,  внесете особый вклад в воспитание подрастающего поколения нашего района.

Уважаемые воины - Афганцы! Желаю Вам крепкого здоровья, семейного счастья и благополучия, счастья вашим родным и близким успехов во имя процветания нашей Родины.

Құрметті жерлестер!

Батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін.

Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін, қадірлі ағайын!

 
<< Первая < Предыдущая 1 2 3 Следующая > Последняя >>

Страница 1 из 3